Ата -аналарға хабарлама. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы»ММ 2020-2021 оқу жылына 5- сыныпқа қабылдау емтиханына (қосымша) құжаттарды қабылдау рәсімі 2020 жылдың 10-14 тамыз аралығында онлайын түрінде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз. Пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін, оқушыларды тіркеу онлайн түрінде жүреді. Ата-аналар гимназия сайтында smaulenov.kz басқы бетте берілген өтініш үлгісін алып толтырып және қажетті құжаттарды мын maul@kst-goo.kz электронды почтасына жібереді. Қаладағы бастауыш мектепті бітірген ( мекен-жайы қаралынбайды) оқушылар келесі құжаттар негізінде емтиханға (сынаққа) жіберіледі. 2020 жылдың 17 маусым күні емтихан тапсырып өте алмаған оқушылардың құжаттары қабылданбайды. • Ата-аналарынан өтініш; (үлгі бойынша) • 3-4 сыныптың оқу үлгерім табелінің көшірмесі; ( табелде «3» баға болмауы керек) • Үміткерлердің туу туралы куәлігінің көшірмесі. Қабылдау емтиханы 2020 жылдың 17 тамыз күні сағат 10.00-де басталады. Мекен жайымыз: Алтынсарин көщесі, 112 үй,17 тамыз күні оқушылар 9.30 – да гимназияда болуы керек. Құжаттарды қабылдау ғана онлайн түрде өтеді. Қабылдау емтиханын гимназияға келіп, орындайды. Қабылдау емтиханы кезінде барлық санитарлық талаптар мен оқушылар арасындағы қашықтық сақталып, тері антисептиктері көзге көрінетін және қол жетімді орындарда орнатылады. Гимназия әкімшілігі.

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

Ата -аналарға хабарлама.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы»ММ  2020-2021 оқу жылына 5- сыныпқа қабылдау емтиханына құжаттарды қабылдау  рәсімі  2020 жылдың 26 мамыры мен 13 маусымға дейін онлайын түрінде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз. Пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін, оқушыларды тіркеу онлайн түрінде жүреді.

Ата-аналар   гимназия сайтында smaulenov.kz басқы бетте   берілген өтініш үлгісін алып толтырып және қажетті құжаттарды   мын   maul@kst-goo.kz   электронды   почтасына жібереді.

Қаладағы бастауыш мектепті бітірген ( мекен-жайы қаралынбайды)  оқушылар келесі құжаттар негізінде емтиханға (сынаққа)  жіберіледі.

  • Ата-аналарынан өтініш; (үлгі бойынша)
  • 3-4 сыныптың оқу үлгерім табелінің көшірмесі; ( табелде  «3» баға болмауы керек) көшірме жарамды (копия верна) деген сөз болу керек
  • Үміткерлердің туу туралы куәлігінің көшірмесі.
  • Оқушыларға бір дәптер, бір қалам тапсырылсын.

Қабылдау емтиханы 2020жылдың 17 маусым күні сағат 09.30-де басталады. Мекен жайымыз: Алтынсарин көщесі, 112 үй

Құжаттарды қабылдау ғана онлайн түрде өтеді. Қабылдау  емтиханын  гимназияға келіп,  орындайды. Қабылдау емтиханы кезінде барлық санитарлық талаптар мен оқушылар арасындағы қашықтық сақталып, тері антисептиктері көзге көрінетін және қол жетімді орындарда орнатылады.

Гимназия әкімшілігі.

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

ӨТІНІШ

өтініш2020ж

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

Гимназияға қабылдау ережесі

« Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің» 2020 жылдың 28.04 №630 хаты негізінде Қостанай облысының аумағында төтенше жағдай және карантинің  енгізілуіне сәйкес, сондай –ақ ҚР Білім және ғылым министрінің «Білім беру  Ұйымдарында COVID -19 короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу  жөніндегі шараларды күшейту туралы»2020 жылдың 01 сәуіріндегі№123бұйрығына сәйкес пандемия кезеңінде  гимназия, лицейге түсу үшін түсу емтихандарын  өткізуді тоқтата тұру және кешірек мерзімге ауыстыру қажет.

Осыған байланысты, конкурстық іс-шараларды өткізу мерзімдері төтенше жағдай және карантин мерзімдерімен сәйкес келген жағдайда:

1.Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдау жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша мектептің жергілікті актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді.

2.Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында:

2.1 Карантин енгізуді ескере отырып, мектепке  оқуға түсу үшін емтихандарын өткізуді қайта қарап және кешірек мерзімге ауыстырылды. 2020-2021 оқу жылына 5-сыныпқа қабылдау мерзімі 17 маусымда  өткізіледі.

2.2  Карантинге байланысты  қабылдау емтихандарына қатысуға өтінім беру  26 мамыр мен 13 маусым  аралығында жүргізіледі. Төтенше жағдайға байланысты барлық санитарлық –эпидемиялық жағдайлар қарастырылады.(маска, перчатка)

3.Карантин ұзартылған жағдайда өтініш беру мерзімін ауыстыру және қабылдау емтихандарын өткізу бойынша ата-аналар қоғамымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

. Конкурстың  өткізілуі.

4.1. Оқушылар  конкурспен  емтихан(тест)  негізінде қабылданады.

  • математика пәнінен жазбаша бақылау жұмысы (берілетін уақыт  60 мин);
  • қазақ тілі пәнінен оқулыққа негізделе отырып оқылым, жазылым тапсырмалары  ( уақыты 40 мин);
  • дүниетану (жаратылыстану) пәнінен оқулыққа негізделе отырып (тест және тапсырмалар ( уақыты 40 мин);
  • ағылшын пәнінен оқулыққа негізделе отырып білім деңгейін тексеру    (уақыты -40мин).

4.2. Қаладағы бастауыш мектепті бітірген ( мекен-жайы қаралынбайды)  оқушылар келесі құжаттар негізінде емтиханға (сынаққа)  жіберіледі.

  • Ата-анасының арызы;
  • 3-4 сыныптың оқу үлгерім табелі; «табельде «3» деген бағасы болмауы керек»
  • Үміткерлердің туу туралы куәлігінің көшірмесі.

9 сынып оқушыларын 2019-2020оқу жылының тоқсандық, жартыжылдық бағалары және мінез- құлқы негізінде 10 сыныпқа қабылдау.

1.Оқушылармен әңгімелесу негізінде сынып жетекшілер  мен мектеп әкімшілігінен құрылған комиссия  шешімі бойынша, қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде гимназия директорының  бұйрығымен сәуір айының директор жанындағы отырысында  10 сыныпқа қабылдану жайында шешім қабылданады.

  1. 10-сыныпқа қабылдау тәртібі.
  • Сырттан келген оқушылар профильдік пәндер бойынша тестік тапсырмаларын орындау арқылы қабылданады. Емтихан  алушы комиссия пән мұғалімдерінен құралады.
  • Емтихан материалдары әдістемелік бірлестіктерде стандартқа сай жасалынып, гимназия директорымен бекітіледі.
  • 9-сыныпты «4»-пен «5»-ке бітірген оқушылар комиссияның шешімі бойынша  10-сыныпқа көшіріледі.
  • Егер сыныптарда оқушы саны жетіспеген жағдайда тамыз айында сынақ арқылы қосымша 6-11 сыныптарға басқа мектептерден жақсы оқитын оқушылар қабылданады. Сынақ негізгі пәндер бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих, шетел тілі, биология, география)  өткізіледі.
  1. Қабылдау құжаттары.
  • Ата-анасының арызы;
  • Оқушының жеке құжаттары;
  • Медициналық картасы;
  • 9-сыныпты бітірген білім куәлігі.
Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

Құрметті ата-аналар!

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы» ММ әкімшілігі 2020-2021 оқу жылына 5-сыныпқа оқушыларды қабылдау төтенше жағдайға байланысты қосымша хабарланатының мәлімдейді

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

«Электрондық үкімет» порталының жұмысы туралы бейнероликтер

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН CALL-ОРТАЛЫҚТАР

Құрметті ата-аналар! Мектептің 4 тоқсанында қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты, түсіндіру және кеңестер беру үшін Call-орталықтар құрылды:

Ұйымдастырушылық бағыттар:
Бейсенова Сандуғаш Аяпбергеновна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары +77761511508

Техникалық мәселелер бойынша (Күнделік, WhatsApp, zoom және тб):
Ермагамбетова Улдыкыз Тулегеновна – информатика мұғалімі. +77754112552
Шарипов Русланбек Жангазыевич – инженер
+77476943019

Консультация жұмыс уақытында жүргізіледі:

Дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!  Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік  қызметі онлайн түрінде қабылданады.  Гимназияның  электронды поштасына арыздарыңызды, құжаттар көшірмесін жібере аласыздар. Гимназияның телефон нөмірі мен электронды адресі көрсетілген.

Тел:  +77142 50-29-78

Email: maul@kst-goo.kz

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

ШАХМАТ ТУРНИІРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

«Үлкен өнердің — үлкен, таза мінезі болуға керек», — деп Ғабит Мүсірепов бекер айтпаған болар. Шахмат – үлкен өнер. Жақында ұйымдастырылған облыстық шахмат турнирінде 6 «Б» сынып оқушысы Бейсембаева Милана

І орынды қанжығасына байлады. Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз!

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

«Қазақстан – мейірімділік мекені»

«Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында, «Жас Ұлан» ұйымы негізінде «Мейірім төккен баршаға» еріктілер ұйымының мүшелері Молдашев Бексұлтан мен Кужубаев Әділ әлеуметтік педагог Бақыт Қабатайқызына газет таратып көмектесті.

Мейірімділік әркімнің өзінен басталады. Мейірім төге біліңдер.

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий