Гимназияға қабылдау ережесі

« Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің» 2020 жылдың 28.04 №630 хаты негізінде Қостанай облысының аумағында төтенше жағдай және карантинің  енгізілуіне сәйкес, сондай –ақ ҚР Білім және ғылым министрінің «Білім беру  Ұйымдарында COVID -19 короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу  жөніндегі шараларды күшейту туралы»2020 жылдың 01 сәуіріндегі№123бұйрығына сәйкес пандемия кезеңінде  гимназия, лицейге түсу үшін түсу емтихандарын  өткізуді тоқтата тұру және кешірек мерзімге ауыстыру қажет.

Осыған байланысты, конкурстық іс-шараларды өткізу мерзімдері төтенше жағдай және карантин мерзімдерімен сәйкес келген жағдайда:

1.Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдау жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша мектептің жергілікті актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді.

2.Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында:

2.1 Карантин енгізуді ескере отырып, мектепке  оқуға түсу үшін емтихандарын өткізуді қайта қарап және кешірек мерзімге ауыстырылды. 2020-2021 оқу жылына 5-сыныпқа қабылдау мерзімі 17 маусымда  өткізіледі.

2.2  Карантинге байланысты  қабылдау емтихандарына қатысуға өтінім беру  26 мамыр мен 13 маусым  аралығында жүргізіледі. Төтенше жағдайға байланысты барлық санитарлық –эпидемиялық жағдайлар қарастырылады.(маска, перчатка)

3.Карантин ұзартылған жағдайда өтініш беру мерзімін ауыстыру және қабылдау емтихандарын өткізу бойынша ата-аналар қоғамымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

. Конкурстың  өткізілуі.

4.1. Оқушылар  конкурспен  емтихан(тест)  негізінде қабылданады.

  • математика пәнінен жазбаша бақылау жұмысы (берілетін уақыт  60 мин);
  • қазақ тілі пәнінен оқулыққа негізделе отырып оқылым, жазылым тапсырмалары  ( уақыты 40 мин);
  • дүниетану (жаратылыстану) пәнінен оқулыққа негізделе отырып (тест және тапсырмалар ( уақыты 40 мин);
  • ағылшын пәнінен оқулыққа негізделе отырып білім деңгейін тексеру    (уақыты -40мин).

4.2. Қаладағы бастауыш мектепті бітірген ( мекен-жайы қаралынбайды)  оқушылар келесі құжаттар негізінде емтиханға (сынаққа)  жіберіледі.

  • Ата-анасының арызы;
  • 3-4 сыныптың оқу үлгерім табелі; «табельде «3» деген бағасы болмауы керек»
  • Үміткерлердің туу туралы куәлігінің көшірмесі.

9 сынып оқушыларын 2019-2020оқу жылының тоқсандық, жартыжылдық бағалары және мінез- құлқы негізінде 10 сыныпқа қабылдау.

1.Оқушылармен әңгімелесу негізінде сынып жетекшілер  мен мектеп әкімшілігінен құрылған комиссия  шешімі бойынша, қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде гимназия директорының  бұйрығымен сәуір айының директор жанындағы отырысында  10 сыныпқа қабылдану жайында шешім қабылданады.

  1. 10-сыныпқа қабылдау тәртібі.
  • Сырттан келген оқушылар профильдік пәндер бойынша тестік тапсырмаларын орындау арқылы қабылданады. Емтихан  алушы комиссия пән мұғалімдерінен құралады.
  • Емтихан материалдары әдістемелік бірлестіктерде стандартқа сай жасалынып, гимназия директорымен бекітіледі.
  • 9-сыныпты «4»-пен «5»-ке бітірген оқушылар комиссияның шешімі бойынша  10-сыныпқа көшіріледі.
  • Егер сыныптарда оқушы саны жетіспеген жағдайда тамыз айында сынақ арқылы қосымша 6-11 сыныптарға басқа мектептерден жақсы оқитын оқушылар қабылданады. Сынақ негізгі пәндер бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих, шетел тілі, биология, география)  өткізіледі.
  1. Қабылдау құжаттары.
  • Ата-анасының арызы;
  • Оқушының жеке құжаттары;
  • Медициналық картасы;
  • 9-сыныпты бітірген білім куәлігі.
Запись опубликована в рубрике БАСТЫ БЕТ. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *