Ата -аналарға хабарлама. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы»ММ 2020-2021 оқу жылына 5- сыныпқа қабылдау емтиханына (қосымша) құжаттарды қабылдау рәсімі 2020 жылдың 10-14 тамыз аралығында онлайын түрінде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз. Пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін, оқушыларды тіркеу онлайн түрінде жүреді. Ата-аналар гимназия сайтында smaulenov.kz басқы бетте берілген өтініш үлгісін алып толтырып және қажетті құжаттарды мын maul@kst-goo.kz электронды почтасына жібереді. Қаладағы бастауыш мектепті бітірген ( мекен-жайы қаралынбайды) оқушылар келесі құжаттар негізінде емтиханға (сынаққа) жіберіледі. 2020 жылдың 17 маусым күні емтихан тапсырып өте алмаған оқушылардың құжаттары қабылданбайды. • Ата-аналарынан өтініш; (үлгі бойынша) • 3-4 сыныптың оқу үлгерім табелінің көшірмесі; ( табелде «3» баға болмауы керек) • Үміткерлердің туу туралы куәлігінің көшірмесі. Қабылдау емтиханы 2020 жылдың 17 тамыз күні сағат 10.00-де басталады. Мекен жайымыз: Алтынсарин көщесі, 112 үй,17 тамыз күні оқушылар 9.30 – да гимназияда болуы керек. Құжаттарды қабылдау ғана онлайн түрде өтеді. Қабылдау емтиханын гимназияға келіп, орындайды. Қабылдау емтиханы кезінде барлық санитарлық талаптар мен оқушылар арасындағы қашықтық сақталып, тері антисептиктері көзге көрінетін және қол жетімді орындарда орнатылады. Гимназия әкімшілігі.

Запись опубликована в рубрике БАСТЫ БЕТ. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *