БАЯНДАМА

Жетім  жыламасын

Дамыған елдерде жетім балалар мәселесі қоғамдық жобалар арқылы шешіліп келеді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында баланы асырап алған адамдар немесе оған қамқорлық көрсетекен мекемелерге мемлекет және қоғам қолғабыс көрсетеді. Швецияда бала асырап алған отбасыларға қосымша қаржы беріліп, кеңес беретін психологтардың жұмысы тегін көрсетіледі. Еліміздегі мемлекеттік емес ұйым өкілдері тастанды немесе жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған баалалар үшін жастар үйлерін ашуды ұсынған болатын. Енді бірі балалар үйлерін жанұя түріндегі үйлерге ауыстыру керектігін айтады. Оның себебі: балалар үйінен бала асырап алғандардың көбісінің баланы кері қайтарып жатқандығы. Жетім балаларды әлеуметтендіруде қиындық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділіктерінің, әлеуметтік құзыреттіліктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыптасу төмендігі болып отыр.Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар, тәрбиеші-педагог қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады.  Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру- кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Ол мәселелердің шешімін елі бір, руы бір адамдардың бірін-бірі «бауырым» деген сөздерінен көреміз.   Сондықтан ата-анасынан айырылған тұл жетімдерге немесе ата-анасы баласын бағып-қағуға күйі келмегенде, бір тұсы болмаса екіншісі қамқоршы бола білген. Мысалы, қазақтың ата заңы «Жеті Жарғыда» жесір дауына жеке бір тарау арнауында үлкен мән бар. Мәселе, рулық қауымның жесір әйелді әмеңгерлік жолмен күйеуінің туысына қосуда емес, оның астарында әкесінен айырылған балаларды жетімдік азабынан құтқару, ағайынның қамқорлығына алу идеясы жатыр. Сонымен бірге, екі елді татуластыру, жұртынан алшақтамау, туыстықты жаңарту мақсатында бала алмасу, ол баланы өз балаларынан кем көрмей өсіру жағдайлары түркі халықтарында көптеп кездеседі.

Қазақ халқының туысшылдығы соншалық: баласы жоққа өз баласын беру, ұлы не қызы жоққа өзіндегі екінің бірін беру, ал алған жақ балаға жан-жақты қамқорлық жасағаны,   есейгенде туғандарынан қызғануы, не керісінше, туған ұясына қосуы – ата-бабаларымыздың басынан кешірген жәйт. Әрине, талдаған салт-дәстүрлердің өзіндік оңды және теріс жақтары болғаны белгілі. Сондықтан бірі осы күнге дейін ерекшеленетін қазақ қауымының қамқоршысынан айырылған балаға ата-аналық жылулық сезінетіндей жағдайлар жасауымыз керек. Қазіргі кезде жетімдік қиянатын тарттырмаудың бір жолы жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата-аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі жандарға үкіметіміз қолдау көрсетуде. Мысалы, соңғы жылдары баланы жаңа отбасына бейімдеудің тағы бір түрі – патронаттық тәрбие жолға қойылды. Патронаттық тәрбие жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен айналасындағы адамдардың тұрақты түрде қарым-қатынас жасап отыруына, психикасының дұрыс дамуына әсері мол. Жасалған жағдай бірінші кезекте бейімдеу механизмін қамтамасыз етуге бала мен патронат тәрбиешілер арасында жаңадан жақсы көру сезімін қалыптастыру мен қабылдау қатынастарын орнатуы тиіс. Бала өмірінің алғашқы жылдарында үй ішіндегі қарым-қатынас оның ойлау жүйесі мен сөйлеу тілінің дамуына зор үлес қосады. Баланың үлкендермен және айналасындағы адамдармен  тұрақты түрде қарым-қатынас жасап отыру өмірлік мәні бар және оның психикасының дұрыс дамуына  да тікелей байланысты болады. Осы ретте, әлеуметтік педагогтың рөлі қандай? Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы олардың бойындағы достық және сүйіспеншілік,бір-біріне деген түсіністік сезімдерін оятуда жатыр. Қамқорлықсыз қалған балалардың әлеуметтенуіне жағдай туғызып, оған бақылау жасау – әлеуметтік педагогтың басты міндеттерінің бірі. Балалық шақтың бал дәмінен ерте айрылған осындай балалармен жұмыс қиын да күрделі,жауапты іс. Әлеуметтік жетімдіктің негізгі себептері –отбасы рөлінің және ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің төмендеуі; отбасының, әсіресе, жас отбасының материалдық-тұрмыстық қиындықтарға төзе алмауы; мектеп, отбасы және қоғам арасында қарым-қатынастың жетіспеуі, отбасылық тәрбие құндылығының тиісті деңгейде насихатталмауы, балалар мен ата-ананың денсаулық жағдайы, некесіз бала туудың өсуі, ажырасу санының артуы. Бұл категориядағы балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мазмұнының өзіндік мәні мынадай: ең алдымен осы топқ ажататын балаларды анықтау, олардың құқығын қорғау, жетім балаларды оқыту және тәрбиелеу әлеуметтік жағдайларын үнемі қадағалап бақылау, әлеуметтік реабилитациялау мен бейімдеу, оларды оқуға, еңбекке орналастыруға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмектесу. Әлеуметтік педагог өз жұмысында асырап алу және қамқорлық жасау органдарымен тікелей байланыс жасай отырып,  тиісті міндеттерді шешеді. Әлеуметтік педагог заңға сәйкес баланы алдағы уақытқа тәрбиелеуге дайындау іс-шараларына қатысады.Асырап алу және қамқорлық жасау органдарының қызметі кең ауқымды.Онда отбасылық кодекс төмендегідей сұрақтарды қарастырады:

  1. бала туралы ақпарат алу;
  2. жасөспірімдердің құқығын қорғау жөнінде олардан өтініш қабылдау;
  3. балалардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін басқа адамдардан және ата-анасынан баланы алу;
  4. отбасындағы тәрбиеде бала құқығын қамтамасыз ету, отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты талас, дау-жанжалдарды шешу, баланың атын, фамилиясын өзгерту процесіне қатысу;
  5. әкесінің өтініші бойынша әке болуға келісім беру;
  6. жасөспірімнің ата-анасымен байланыс жасауына келісім беру;
  7. отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты таластарды шешуде сот ісіне қатысу;
  8. ата-ана құқығын шектеу немесе айыру туралы хабарлау;

отбасында баланы тәрбиелеу мәселесімен байланысты іс бойынша сот шешімін орындауға қатысу.Қорыта келе, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер мәселесі – қашан және қай уақытта болмасын өзекті мәселелердің бірі. Ата-ананың махаббатын көрмеген баладан қандай болашақ күтеміз? Сондықтан да, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алып,  отбасындағы жылы қарым-қатынасты көріп, ата-анажылуын сезініп өсуіне көмектесуіміз керек. Жетім балалар тақырыбы – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қоғамның қасіреті десек те болады. Бейбіт заманда ата-ананың мейіріміне бөленбей, аялы алақанын сезінбей өсу бала үшін ауыр соққы екені сөзсіз.Қазақ халқы жесірін тастамаған, жетімін жылатпаған халық. «Жетім көрсең жебей жүр, қолтығынан демей жүр» деген халық мақалының астарында терең мағына бар, қазіргі кезде көптеген отбасылар балалар үйінен сәбилерді бауырына басып, ата-ана мейіріміне бөлеуде. Осындай игі істердің көшбасшысы болып жүрген жандар қаншама. Осындай қайырымды жандар көп болса нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі кезде мемлекетіміздің қолдауымен бүкіл ел болып жетімдікті азайту қолға алынуда. «Тәрбие басы – тал бесік»демекші, көп нәрсе отбасындағы тәрбиеге байланысты. Толыққанды отбасында тәрбие алған жас ұрпақ жетімдердің көбеюіне жол бермеуі тиіс. Сонымен, елімізде жетімдер саны қысқарып, әр бала өзінің отбасында ата-анасының, туысқандарының қасында болып, ата-ананың махаббатын, аялы алақанын, мейірімін көрсе екен дейміз.

 

 

Әлеуметтік педагог Рахметкалиева Б.К.

 

             

     Экономикалық зорлық-зомбылық

   Экономикалық зорлық – зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен,қаражатынан қасақана айыру,бұл дене саулығының және психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Экономикалық зорлық – зомбылық белгілеріне назар аударуға тиісті анық «сыртқы» белгілерді атап өтсем:

  Баланың бейәлеуметтік іс – әрекеті;

  Бала сабақтарды жібереді немесе мектепке келмейді;

  Баланың денесінде түрлі жарақаттар, зорлық – зомбылық іздері болады;

  Бала сұрамсақтана бастайды;

  Бала лас немесе маусымға сәйкес киінбейді;

  Отбасында балаға қамқорлық көрсетілмейді;

  Спирттік сусындар мен есірткі құралдарына әуестене бастайды;Бала бойында осындай сыртқы белгілер байқалған жағдайда білім беру мекемесі қызметкерлері психолог, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары,әлеуметтік педагогтың бірлесіп атқаратын іс –әрекеті алгоритмі:

  Бұл жөнінде мектеп директорына жазбаша хабарлауға міндетті;

  Ата –аналарына немесе заңды өкілдеріне хабарлайды;

  Мектеп директорының тапсырмасымен психологтың қатысумен ата –анасымен әңгімелеседі,бұл хаттамаға енгізіледі;

  Психологтың қатысуымен баламен жеке әңгіме жүргізіледі;

  Балаға қатегездік таныту белгілері расталған жағдайда прокуратураға, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторына, әлеуметтік қорғау органдарына ақпарат беріліп, олар өз лауазымдық міндеттерін сәйкес әрекет етеді.Әлеуметтік педагог балаларға қатегездік таныту жағдайлары туралы ақпарат алмасу және оларға көмек көрсету бойынша өзара әрекеттесу механизмін білуі тиіс. Дағдарыс орталықтарының телефондарын, «Сенім телефонын» және ведомствоаралық топтың байланыс телефондарын білуі тиіс. Қажет болған жағдайда жәбірленуші баланы уақытша баспана, әлеуметтік оңалтуорталығына, әлеуметтік қонақүйге немесе стационарға орналастыруды ұйымдастыру қажет. Отбасы- тұрмыстық қатынастар саласында балаларға экономикалық зорлық – зомбылық жағдайларын анықтауда әлеуметтік педагогтың жұмыс алгоритмі:-мектептің әлеуметтік төлқұжатын жасауда сыныптардың әлеуметтік – педагогикалық сипаттамаларына баса назар аудару және сынып жетекшімен тығыз байланыс жасай отырып, әрбір оқушыны зерттеу;- оқушы мен отбасы туралы ақпаратты дер кезінде алып отыру үшін сынып жетекшімен үнемі байланыста болу;- «тәуекел тобына» жататын оқушылардың отбасыларына жеке карточка құрастыру;- «тұрмыстағы қатегездік және зорлық — зомбылық» тақырыбына ақпараттандыру және ағартушылық жұмыс жүргізу мақсатында ата –аналармен түрлі жұмыстар жүргізу(ата –аналар жиналысы, консультациялар,дәріс оқу);-отбасылармен жұмыс істеу барысында балалар тәрбиесіндегі экономикалық зорлық – зомбылықтың қандай да бір белгісін сипаттайтын «дабыл белгілеріне» назар аудару;Әлеуметтік педагог қызметінің маңыздылығы – бала мен отбасындағы әлеуметтік проблемалардың шешімін тауып, үйлестіру. Проблемалық қауіпті өмір жағдайындағы балаларды дер кезінде анықтауы,баланың әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі, қиындықтарды жеңу және оған қолайлы жағдай жасауы өз жұмысын дұрыс ұйымдастыруда нәтиже береді. Қорыта келе айтатыным, «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата –ана өз баласының тәрбиелі рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі – ертеңгі біздердің болашағымыз, бүгінгі үйіміздің қуанышы — бала тағдыры. Олай болса,ата –аналар,педагогтар болып бірлесе отырып, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына әрқашан көңіл бөлейік.
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға – отбасы — қоғам» жүйесіндегі өзара қарым –қатынасты реттеп отырады. Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әр баланың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу олардың келешегін қорғап, қамқорлыққа алуға септігін тигізеді. Мектептерде көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар және толық емес отбасылар экономикалық жағынан сәтсіз келеді. Ең қиыны: жанұядағы ата – ананың біреуі жұмыссыз, еңбекке жарамсыз,төмен айлық табыс,бірі созылмалы ауруға шалдыққан. Көп жағдайда бұл отбасылардың материалдық тұрмыстық жағдайы өте төмен болып келеді.Бұдан келіп отбасында әлеуметтік – психологиялық сәтсіздіктер етек алады. Оның белгілері:

  ата — ананың біреуінің ішімдікке салынуы;

  тазалық мәдениеттілігінің төмендігі;

  отбасында еңсені басатын ауыр ахуал,

  отбасы мүшелері арасындағы түсінбеушілік, дау – жанжал т.б.Отбасындағы келеңсіз жағдайлар баланың мінез – құлқына, өмірге деген көзқарасына тікелей әсер етеді.Ата – ана тарапынан балаға әлеуметтік – психологиялық қысым көрсетіледі.Осыдан келіп отбасында экономикалық зорлық – зомбылық етек ала бастайды. Экономикалық зорлық – зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен,қаражатынан қасақана айыру,бұл дене саулығының және психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Экономикалық зорлық – зомбылық белгілеріне назар аударуға тиісті анық «сыртқы» белгілерді атап өтсем:

  Баланың бейәлеуметтік іс – әрекеті;

  Бала сабақтарды жібереді немесе мектепке келмейді;

  Баланың денесінде түрлі жарақаттар, зорлық – зомбылық іздері болады;

  Бала сұрамсақтана бастайды;

  Бала лас немесе маусымға сәйкес киінбейді;

  Отбасында балаға қамқорлық көрсетілмейді;

  Спирттік сусындар мен есірткі құралдарына әуестене бастайды;Бала бойында осындай сыртқы белгілер байқалған жағдайда білім беру мекемесі қызметкерлері психолог, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары,әлеуметтік педагогтың бірлесіп атқаратын іс –әрекеті алгоритмі:

  Бұл жөнінде мектеп директорына жазбаша хабарлауға міндетті;

  Ата –аналарына немесе заңды өкілдеріне хабарлайды;

  Білім беру мекемесінің директорының тапсырмасымен психологтың қатысумен ата –анасымен әңгімелеседі,бұл хаттамаға енгізіледі;

  Психологтың қатысуымен баламен жеке әңгіме жүргізіледі;

  Балаға қатегездік таныту белгілері расталған жағдайда прокуратураға, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторына, әлеуметтік қорғау органдарына ақпарат беріліп, олар өз лауазымдық міндеттерін сәйкес әрекет етеді.Әлеуметтік педагог балаларға қатегездік таныту жағдайлары туралы ақпарат алмасу және оларға көмек көрсету бойынша өзара әрекеттесу механизмін білуі тиіс. Дағдарыс орталықтарының телефондарын, «Сенім телефонын» және ведомствоаралық топтың байланыс телефондарын білуі тиіс. Қажет болған жағдайда жәбірленуші баланы уақытша баспана, әлеуметтік оңалту орталығына, әлеуметтік қонақүйге немесе стационарға орналастыруды ұйымдастыру қажет. Отбасы- тұрмыстық қатынастар саласында балаларға экономикалық зорлық – зомбылық жағдайларын анықтауда әлеуметтік педагогтың жұмыс алгоритмі:-мектептің әлеуметтік төлқұжатын жасауда сыныптардың әлеуметтік – педагогикалық сипаттамаларына баса назар аудару және сынып жетекшімен тығыз байланыс жасай отырып, әрбір оқушыны зерттеу;- оқушы мен отбасы туралы ақпаратты дер кезінде алып отыру үшін сынып жетекшімен үнемі байланыста болу;- «тәуекел тобына» жататын оқушылардың отбасыларына жеке карточка құрастыру;- «тұрмыстағы қатегездік және зорлық — зомбылық» тақырыбына ақпараттандыру және ағартушылық жұмыс жүргізу мақсатында ата –аналармен түрлі жұмыстар жүргізу(ата –аналар жиналысы, консультациялар,дәріс оқу);-отбасылармен жұмыс істеу барысында балалар тәрбиесіндегі экономикалық зорлық – зомбылықтың қандай да бір белгісін сипаттайтын «дабыл белгілеріне» назар аудару; Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.Зорлықтың түрлері:- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды.Зорлық зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді.Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны.Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.Заң жобасының негізгі мақсаттары— Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.- Тұрмыстық зомбылықсың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізуАталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру,осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады.Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету. — Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады:денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.- Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі.Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек.Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.Зорлық – зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.