ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

«Бала құқығы – адам құқығы»

Қарашаның 18 жұлдызында «Бала бақылаусыз болмайды» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны 6 «А» сынып жетекшісі ЖурумбаеваДамегульАккозовна өткізді. Іс-шараға гимназия директоры Бекежан Көшмырзаұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмаржан Беріщбайқызы, тәлімгер Міркемел Айнұр қатысты. Дөңгелек үстел барысында баланың құқығы, оның мектеп өміріндегі рөлі, «бала-ата-ана-мұғалім» үштігінің маңызы талқыланды. «Балалар бақылаусыз қалмауы тиіс, балалардың қауіпсіздігіне назар аудару керек». Іс-шара өз мақсатына жетті.