БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕР

«Ұнайтынымды суретке саламын» шығармашылық интернет-конкурс

 

Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі төңірегінде 7-8-сынып оқушылары арасында «Ұнайтынымды суретке саламын» атты байқау ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың шығармашылықтарын дамыта отыра, бала құқығы туралы өрістерін кеңейту. Байқауға оқушылар белсене қатысты. Негізінен оқушылар натюрморт түріндегі, пейзаж түріндегі суреттерді жіберді. Сонымен қатар 3Д суреттер де жолданды. Барлық жұмыстар көпшілік қауымға гимназиямыздың «Сырбай ғажайыптары» инста парақшасы арқылы ұсынылды. Оқырмандар оң бағасын беріп, жақсы пікірлер жазып, қатысушыларды қолдады. Нәтижесінде 8 «А» сынып оқушысы РомазановаАнеля І орынды қанжығасына байлады. ІІ орынды 8 «А» сынып оқушысы Мухтабаева Айымжан еншіленсе,  ІІІ орынды  8 Ә сынып оқушысы Жангиров Мәди мен Мадиева Айжан иеленді. Барлық суреттер мен нәтижесі инста парақшада жарияланды. Байқау өз мақсатына  жетті. Нәтижесі @gym,maulenov_edu.kzгимназия сайтында жіберді