ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОҚ

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

С.Мәуленов атындағы гимназиясы» ММ

 

Ата-аналардан алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнаманың сараптамасы

        

 

Гимназияның сынып жетекшілері ата-аналардан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты сауалнама алды. Сауалнамаға 325 ата-ана қатысты. Әрбір сынып жетекші сыныптың ата-аналарына анонимді түрде өткізді. Әр сынып жеке сараптама жасады. Жалпы 10 сұрақ қамтылды. Мақсаты – гимназия ішіндегі сыбайлас жемқорлықты анықтау және алдын алу. Нәтижесіне сүйенер болсақ, гимназияның ата-аналары гимназия тарапынан мектеп әкімшілігінің ақша сұрап қорқыту жағдайлары анықталмады. Ата-аналардың пікірінше, баланың табеліндегі баға баласының біліміне байланысты. Мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық жасауға ақша жиналмағаны анықталды. Мектептің қажеттілігіне ақша сұраған жағдай анықталмады. Мұғалімдер оқушыларды әлеуметтік жағдайына байланысты бөлмейді. Гимназияда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ және оның алдын алу шаралары жүзеге асырылып жатыр. Ата-аналардың пікірінше, сыбайлас жемқорлықты жеңудің жолы – ҚР Заңнамасын қатаңдатып, акцияларды кеңінен өткізу.