Ерікті болу – ерлік!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш 2020 жылды «Еріктілер» жылы деп белгіледі.

Ерікті дегеніміз саналы түрде, шын жүрекпен, өзгелерге қамқорлық жасайтын, өзгелерге көмектесетін тұлға. Гимназиямыздың ізгі бастаманы қолдап, қолға алды. Гимназиямызда «Мейірім төккен баршаға» атты еріктілер клубы жасақталды. Еріктілер клубының құрамы төмендегідей:

  1. Молдашев Бексұлтан
  2. Абдикарим Ақжол
  3. ШубаеваАнель
  4. Сейткалиева Айнұр
  5. Есова Анель
  6. Сақтаған Нұрай
  7. Омарова Аймира
  8. Кужубаев Әділ
  9. Кеңесбай Жұлдыз
  10. ТасубаеваАдина

Олар гүлдерді суаруға, медициналық карточкаларды қайта жабыстыруға, газет таратуға, қар күреуге, кітапханалардағы кітаптарды реттеуге көмектесіп жатыр. Сонымен қатар, балалар кітапханасына оқушылардан үйінде жатқан оқымайтын кітаптарын жинап, «шағын кітапхана» жасауға көмектесіп жатыр.

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

С.Мәуленов гимназиясы қазақтың бойтұмары, ойшыл, дана, дара Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған шығармаларын оқу эстафетасын жалғастыруда.

С.Мәуленов гимназиясы қазақтың бойтұмары, ойшыл,  дана, дара Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған шығармаларын оқу эстафетасын жалғастыруда. Алғашқы болып тізгінді қолына ДТІЖО Исенова Гүлмаржан Берішбайқызы алды. Гүлмаржан Берішбайқызы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқып эстафетаны әлеуметтік педагог Рахметкалиева Бақытжамал Қабатайқызына берді. Бақытжамал Қабатайқызы «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»,  — дей келе, эстафетаны жалғастыруды тәлімгер Міркемел Айнұр Мұратқызына ұсынды.Эстафета әлі жалғасын табады деген сенімдеміз.

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

«Мен OFFLINE (офлайн)» Халықаралық интернетсіз күніне арналған акциясына қатысу туралы

Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың, педагогтармен ата-аналардың назарларына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын  проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, интернет ресурстарын қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың  интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату

 

Іс-шаралар Мерзімі Жауапты
1 Сынып сағаттары: «Интернетсіз бір күн» 14қаңтар 6-7-сынып жетекшілері
2 Эссе: «Мен интернетсіз күнімді қалай өткіземін?» 17 қаңтар 9- сынып жетекшілері
3 Дөңгелек үстел: «Мен және интернет» 21 қаңтар 8- сынып жетекшілері
4 Дәріс: «Қауіпсіз интернет» 24 қаңтар Тәлімгер:

Міркемел А.М.

 

6-7-сынып оқушыларымен 2020 жылдың 14 қаңтар күні Бүкіләлемдік өрмек –интернетке байланысты ақпарат жинақтау; білімгерлердің алған білімдерін нығайту, шығармашылыққа баулу мақсатында «Интернетсіз бір күн» атты сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларды  «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты пікір-сайыс/дебат барысында «Google» жақтаушы тобы мен «Yandex» даттаушы тобына бөлді. «Интернетсіз күнім не болмақ?» тақырыбында ой толғады. «Тілек шоғы» атты психологиялық тренинг өткізілді.

9-сынып жетекшілері «Мен интерсіз күнімді қалай өткіземін» тақырыбында оқушылардан эссе алды. Эссе барысында оқушылар интернеттің пайдасы мен зиянын саралай келіп, интернетсіз күнді қалай өткізетіндігін, ата-аналарына көбірек көңіл бөлетіндігін, кітап оқып, таза ауада демалатындығын сөз етті.

Қаңтардың 24 жұлдызында 5-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» атты дәріс өтті. Ұйымдастырушы – тәлімгер Міркемел А. Дәріс барысында интернеттегі қауіпсіздік шаралары, нақтырақ айтқанда, құрмет, сенім, құпия сөздің қиын болуы қарастырылды. 26 қаңтар Халықаралық интернетсіз күн екені, осы күні телефонда отырмай, далада отбасымен, достармен серуендеу керек екендігі айтылды. «Интернеттегі мәліметтердің бәріне сенуге болмайды. Кейбір кезде адамды ашуға шақыратын немесе әлдебір жаман әрекетке баулитын мәліметтер болады. Интернетте әлдебір мәлімет жариялағанда оның үнемі сақталып қалатынын естен шығарма. Адамдармен шынайы өмірде әдептілік сақтап сөйлесер болсаң, ғаламторда да сол әдептілік қағидаларын ұстауға кеңес береміз»  деген секілді мәліметтер қарастырылды. Дәріс барысында оқушыларға «Интернет қауіпсіз бе? Қауіпсіздікті сақтау үшін не істеу керек? Құпия сөзіңіз тиімді ме?» ой қозғау сұрақтары қойылды. Іс-шара өз мақсатына жетті.

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУҒА АРНАЛҒАН СЕРВИСТЕР

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий

ЖАДЫНАМА

Рубрика: БАСТЫ БЕТ | Оставить комментарий